5 сағат бұрын
“Алтай” мен “Жетісу” арасындағы матч тең есеппен аяқталды
Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында “Алтай” мен “Жетісу” командалары өзара мықтыны анықтады.
Матч барысында “Жетісуға” қарсы ойын тәртібі бұзылды. Нәтижесінде 8-минутында Асхат Балтабеков айып добын орындап, есеп ашты. Артынша Иован Пойович есепті еселей түсті.
Ал екінші таймда “Алтай” командасынан Драган Стойсавлевич есеп айырмасын қысқартты.
Алайда “Жетісу” мұнымен тоқтап қалмай, Нұрбол Ануарбеков үшінші голды соқты.
Тартысқа толы матчтың 79-минутында “Алтай” сапынан Элгуджа Лобжанидзе мергендік танытты. Ойынның аяқталар тұсында Денис Митрофанов таразы басын теңестіріп кетті. Есеп 3:3.
Бұл тең нәтиже “Жетісу” командасына бір ұпай сыйлады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан