2 сағат бұрын
Роналдуды сынға алған Жоау Невештің оқырмандары азайып кетті
Фото:Gettyimages
Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Жоау Невештің әлеуметтік желідегі оқырман саны күрт азайды. Бұған оның Криштиану Роналду туралы айтқан пікірі түрткі болған.
Бұған дейін Жоау Невеш журналистерге берген сұхбатында Криштиану Роналдудың қазіргі ойыны туралы пікір білдірген.
Оның айтуынша, Роналду бұрынғыдай жоғарғы деңгейде өнер көрсетпейді және қазір құраманың өзге ойыншыларымен бірдей рөл атқарып жүр.
«Криштианудың ұлттық құрама, ел және әлем футболы үшін сіңірген еңбегін бәріміз жақсы білеміз. Алайда оның бұрынғыдай ерекше ойыншы емес екенін қазір бәрі түсінеді. Менің ойымша, мұны Роналдудың өзі де жақсы біледі. Ол қазір мұнда басқа футболшылар сияқты команданың табысқа жетуіне көмектесу үшін жүр», – деді Невеш.
Айта кетейік, әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчта Португалия құрамасы ДР Конго құрамасына қарсы ойнап, матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Осы ойынннан кейін жанкүйерлер мен сарапшылар Криштиану Роналдудың ойынын сынға алды. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, Роналду матч барысында допқа небәрі 25 рет иелік етіп, үш соққы жасаған. Алайда олардың ешқайсысы қақпаға дәл бағытталмады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан