9 сағат бұрын
Грузиялық футболшы Дастан Сәтпаевты жоғары бағалады
Грузияда және Израильде өнер көрсеткен, бұрын Қазақстан Премьер-Лигасында ойнаған қорғаушы Лука Гадрани қазақстандық футболшыларға қатысты пікір білдірді.
Футболшының айтуынша, Қазақстанда көптеген сапалы ойыншылар бар, бірақ олардың ішінен Дастан Сәтпаев ерекше көзге түседі.
«Қазақстанда мықты футболшылар көп, сондықтан біреуін бөліп айту әрдайым қиын. Бірақ егер ойыншының әлеуеті мен болашағын айтатын болсақ, Дастан Сәтпаев — қазіргі таңда елдегі ең талантты футболшылардың бірі», — деді Гадрани.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» клубының түлегі Дастан Сәтпаев лондондық «Челсимен» келісімшартқа отырған. Келісім бойынша ол 2026 жылдың тамыз айында кәмелет жасқа толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан