6 сағат бұрын
Талғат Байсуфиновтың үшінші рет бас бапкерлік қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады
Фото:ҚФФ
2025 жылдың басында Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалған Талғат Байсуфинов қызметінен кеткен туралы ақпарат тарады.
Бұл жолы оның жетекшілігімен ұлттық құрама 4 матч өткізіп, 2 рет жеңіске жетті, бір матчта тең түсіп, бір ойында жеңілді. Бұл Талғат Байсуфиновтың құрамамен жұмыс істеген кезеңдеріндегі ең үздік көрсеткіш.
Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасын үш мәрте басқарды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама жалпы 22 ойын өткізіп, 5 рет жеңіске қол жеткізді, 7 матчта тең нәтиже көрсетті және 10 ойында қарсыласына есе жіберген.
Егер дереккөз расталса Талғат Байсуфинов ұлттық құрамадан үшінші рет бас бапкерлік қызметінен кетпек.
Айта кетейік, 57 жастағы маман бұған дейін Қазақстан құрамасын 2016–2017 және 2020–2022 жылдары жаттықтырған. Ал алғашқы екі кезеңде ұлттық құрама 18 матч өткізіп, 3 рет жеңіске жетіп, 6 ойында тең түскен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан