Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

“Оқжетпес” өз алаңында “Тобылды” жеңді

“Оқжетпес” өз алаңында “Тобылды” жеңді

Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында «Оқжетпес» «Тобылды» 2:1 есебімен жеңді.

Ойынның 10-минутында «Тобылдың» черногориялық шабуылшысы Марко Вукчевич шабуылды сәтті аяқтап, есеп ашты.

Бірінші таймның соңына қарай қостанайлықтардың қорғаушысы Папа-Алиун Ндиай екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осылайша «Тобыл» матчтың қалған бөлігін он ойыншымен өткізді.

Үзілістен кейін сан басымдығын тиімді пайдаланған «Оқжетпес» ойын тізгінін өз қолына алды.

48-минутта Жансұлтан Мұхаметқали есепті теңестірсе, 65-минутта дубль авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады.

Нәтижесінде «Оқжетпес» 27 ұпаймен турнир кестесінің үшінші орнына көтерілді. Ал «Тобыл» 12 ұпаймен 14-орында қалды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан