Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

«Қайрат» «Қызылжарды» 4:2 есебімен жеңді

«Қайрат» «Қызылжарды» 4:2 есебімен жеңді

Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында «Қызылжар» өз алаңында алматылық «Қайраттан» 2:4 есебімен жеңілді.

Командалар осыдан төрт күн бұрын ғана өзара кездескен еді. Сол ойында алматылық ұжым қарсыласын 3:0 есебімен ұтқан.

Бұл жолы да «Қайрат» алғашқы минуттардан-ақ шабуылға ден қойды. Әуелі команда қатарына жақында қосылған финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксанен есеп ашты. Артынша алматылық клубтың тағы бір жаңа ойыншысы, испаниялық шабуылшы Марк Гуаль Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы голын соқты.

Алайда «Қызылжар» бірінші тайм аяқталғанға дейін есепті теңестіріп үлгерді. Алдымен Стефан Бахокен мергендік танытса, көп ұзамай Этьен Бойгре таразы басын теңестірді.

Ойын тағдыры екінші таймның 77-минутында шешілді. «Қызылжар» қорғаушысы Керижанов Жоржиньоға қарсы ойын тәртібін бұзып, алаңнан қуылды. Төреші пенальти белгілеп, оны Жоржиньоның өзі сәтті орындады. Осылайша «Қайрат» қайтадан алға шықты.

Ал матчтың қосымша уақытында Луиш Мата көзге түсіп, алматылықтардың басымдығын арттырды.

Осылайша, «Қайрат» маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Осы ойыннан кейін алматылық клуб 33 ұпаймен турнир кестесінің екінші сатысында тұр. Ал «Қызылжар» 15 ұпаймен 11-орында қалды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан