Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Криштиану Роналду Өзбекстанға қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

Криштиану Роналду Өзбекстанға қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатындағы Өзбекстанға қарсы ойын алдында әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Алдымыздағы міндетке толық назар аудардық», — деп жазды Роналду Instagram парақшасында жаттығудан түсірілген бірнеше фотосуретті бөлісіп.

Еске салайық, әлем чемпионаты топтық кезеңінің екінші турындағы Португалия мен Өзбекстан арасындағы кездесу 23 маусым күні өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Әлем біріншілігін Португалия құрамасы күтпеген нәтижемен бастап, ДР Конгомен 1:1 есебімен тең түсті. Ал Фабио Каннаваро баптайтын Өзбекстан құрамасы алғашқы матчта Колумбияға 1:3 есебімен жол берді.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елде — АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан