3 сағат бұрын
Испаниямен матчтан кейін танылған қақпашының ойынын анасы алғаш рет стадионнан көрді
Фото:Gettyimages
Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возинья үшін Уругвайға қарсы өткен матч ерекше мәнге ие болды. Себебі бұл ойында оның анасы Ана Кандида Эвора ұлының ойынын алғаш рет стадионнан тамашалады.
Ана Кандида Эвора бастапқыда виза мәселесіне байланысты Испаниямен өткен матчқа бара алмаған еді. Кейін құжаттары реттеліп, ол Майамиге арнайы келіп, Уругвайға қарсы ойынды трибунадан көрді.
Матч алдында ФИФА президенті Джанни Инфантино Ана Кандида Эворамен кездесіп, оған құрмет көрсетті. Әлемдік футбол ұйымының басшысы Кабо-Верде құрамасы қақпашысының анасын жылы қарсы алып, естелік суретке түсті.
Айта кетейік, 40 жастағы Возинья әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Испания құрамасына қарсы жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Тәжірибелі қақпашы жеті қауіпті соққыны қайтарып, қақпасына гол жіберген жоқ. Нәтижесінде матчтың үздік ойыншысы атанып, командасына маңызды ұпай сыйлады. Осы матчтан кейін оның есімі әлемге кеңінен танылып, әлеуметтік желідегі оқырмандарының саны күрт артты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан