3 сағат бұрын
Ресми: Давид Лория - «Жеңіс» футбол клубының бас директоры
Фото: «Жеңіс» футбол клубы
«Жеңіс» футбол клубы Давид Лорияның бас директор қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Давид Лория – біздің қаламыздың тумасы, клуб түлегі және «Жеңіс» футбол клубының сапында еліміздің үш дүркін чемпионы.
Дәл осы Давид Григорийұлының тікелей атсалысуымен 2021 жылы клубымыздың қайта жаңғыруы басталды. Ол бас директор лауазымында Айдын Қожахметті алмастырады. Ал Айдын Қожахмет «Жеңіс» ФК құрылымында атқарушы директор ретінде жұмысын жалғастырады.
- Біз Давид Григорийұлының туған ұясына оралғанына шын жүректен қуаныштымыз және оған жаңа қызметінде зор табыс, жеңістер мен алға қойған барлық мақсаттарына жетуін тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан