Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Лионель Месси әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік бомбардир атанды

Лионель Месси әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік бомбардир атанды

Лионель Месси Аргентина мен Аустрия құрамалары арасындағы әлем чемпионаты матчында есеп ашты. «Альбиселесте» капитаны алдымен пенальтиді мүлт жібергенімен, кейін орта қашықтықтан дәл соққы жасап, өз есебіне гол жазды.

Осылайша, Месси әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Аргентиналық шабуылшының еншісінде енді 17 гол бар. Бұған дейінгі рекорд Германия құрамасының аңызы Мирослав Клозеге тиесілі еді — ол мундиальдарда 16 мәрте мергендік танытқан.

Сонымен қатар, Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының бомбардирлер жарысында да жеке-дара көш бастады. Қазір оның еншісінде 4 гол бар және Аргентина құрамасының турнирдегі барлық голын дәл осы Месси соқты.

Екінші орынды Германия шабуылшысы Дениз Ундав пен Канада құрамасының ойыншысы Джонатан Дэвид бөлісіп тұр. Екеуі де үш голдан соққан.

Ал екі гол соққан футболшылар қатарында Франция жұлдызы Килиан Мбаппе мен Норвегияның басты мергені Эрлинг Холанд та бар.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан