4 сағат бұрын
Давид Лория «Жеңіс» футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды
Фото:ҚФФ
Астананың «Жеңіс» футбол клубы Давид Лорияның бас директор қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді.
«Давид Лория — біздің қаламыздың тумасы, клуб түлегі және «Жеңіс» сапында Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған футболшы.
Дәл осы Давид Григорийұлының тікелей атсалысуымен 2021 жылы клубтың қайта жаңғыру үдерісі басталды. Ол бас директор лауазымында Айдын Қожахметтің орнын басты. Ал Айдын Қожахмет «Жеңіс» футбол клубы құрылымында атқарушы директор ретінде жұмысын жалғастырады.
Біз Давид Григорийұлының туған ұясына қайта оралғанына қуаныштымыз және оған жаңа қызметінде табыс, жеңіс пен барлық мақсаттарына жетуін тілейміз», – делінген ресми хабарламада.
Давид Лория ойыншы ретінде «Жеңіс» сапында Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған. Ол кәсіби мансабын да осы елордалық клубта бастаған.
Айта кетейік, Давид Лория 2025 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметіне тағайындалған еді. Алайда 2026 жылдың наурыз айында бұл қызметін аяқтады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан