4 сағат бұрын
Темірлан Анарбековтың трансферлік бағасы екі есеге өсті
Фото:”Қайрат” фк
Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-лигасы ойыншыларының нарықтық құнын жариялады.
Жаңартылған мәліметке сәйкес, “Қайрат” клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтың трансферлік бағасы 400 мың еуродан 800 мың еуроға дейін өсті.
22 жастағы қақпашының құнының артуы оның тұрақты ойыны мен соңғы маусымдардағы сенімді өнерімен байланысты.
Темірлан Анарбеков 2025/26 маусымда алматылық “Қайрат” сапында ел біріншілігінде табысты өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар ол ел кубогі мен Суперкубокті жеңіп алды.
Айта кетейік, Темірлан Анарбеков 2025 жылы “Қайраттың” бұрынғы қақпашысы Александр Заруцкий “Селтикке” қарсы сырт алаңдағы ойында жарақат алғаннан кейін оның орнын басқан еді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланған жас қақпашы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде “Селтикпен” өткен үйдегі матчта пенальти сериясында допты сәтті қайтарып, “Қайратқа” тарихи жеңіс сыйлаған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан