5 сағат бұрын
ФИФА спортшылардың сеніміне байланысты «матч үздігі» марапатын табыстау рәсіміне өзгеріс енгізді
Фото:Sport12 collage
ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатында «матчтың үздік ойыншысы» атанған футболшыларды марапаттау рәсіміне қатысты жаңа шешім қабылдады.
Енді үздік деп танылған ойыншы фотосессия кезінде екі түрлі фонның бірін таңдай алады. Бұған дейін қолданылып келген нұсқада демеуші компанияның логотипі бар көк фон пайдаланылатын. Бұл бренд алкоголь өнімдерін өндіретін Michelob ULTRA компаниясына тиесілі.
Алайда бірқатар футболшылар мұндай жарнамалық фоннан бас тартқан. Олардың қатарында діни және жеке ұстанымдарына байланысты алкоголь өнімдерін насихаттауға келіспейтін ойыншылар бар. Солардың бірі – Мохамед Салах.
Осы жағдайдан кейін ФИФА бейтарап фонды да қолжетімді етті. Бұл нұсқада тек «Superior Player of the Match» жазуы мен әлем чемпионатының ресми логотипі ғана болады, қосымша жарнама элементтері қолданылмайды.
Ұйым бұл шешімнің ойыншылардың мәдени және діни ерекшеліктерін ескеру, сондай-ақ олардың жеке таңдау еркіндігін сақтау мақсатында қабылданғанын мәлімдеді. Бейтарап фон кәмелетке толмаған футболшылар үшін де ұсынылады.
Салахтан бөлек Исмаэль Коне, Рамин Резаеиан, Эмам Ашур және тағы бірнеше футболшы осы балама нұсқаны таңдаған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан