4 сағат бұрын
Франция әлем чемпионатындағы маңызды матч алдында бас бапкерсіз қалды
Франция құрамасы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі шешуші ойын алдында күтпеген жағдайға тап болды. Ұлттық құраманың бас бапкері Дидье Дешам анасының қайтыс болуына байланысты еліне оралды.
Франция футбол федерациясының хабарлауынша, тәжірибелі маман елге оралып, жерлеу рәсіміне қатысады. Сол себепті ол Норвегияға қарсы ойын алдындағы жаттығуларға да, топтық кезеңдегі соңғы матчқатда қатыса алмайды.
Іріктеу кезеңінің соңғы турында Франция құрамасы Норвегиямен күш сынасады. Бұл матчтың нәтижесі топтағы үздікті анықтайды.
Қазір француздар өз тобында алда келеді. Сондықтан оларға бірінші орнын сақтап қалу үшін жеңілмеу жеткілікті. Ал қарсыласына жол берсе, топты екінші орынмен аяқтауы мүмкін.
Ал бас бапкер болмаған уақытта құраманың жұмысына оның көмекшісі Ги Стефан жетекшілік етеді. Норвегиямен өтетін матчта да команданы сол бастап шығады.
Франция құрамасы іріктеу кезеңін сәтті өткізуде. Алғашқы турларда Сенегалды 3:1 есебімен жеңіп, кейін Иракты 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан