3 сағат бұрын
Ганалық футболшы «Каспий» сапына ауысады
Фото: meta-ratings.kz
Ақтаулық «Каспий» трансферлік нарықта белсенділігін арттырып келеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
- Менің ақпаратым бойынша, ақтаулық клубтың құрамын жақын арада 21 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Дэвид Эптон толықтырады. Футболшы - Гананың «Маунтайнерс» клубының тәрбиеленушісі. 2024 жылы Эптон Еуропаға қоныс аударып, Эстонияның «Таммек« командасымен келісімшартқа отырды, - деп жазды ол.
Эстонияда өнер көрсеткен кезде жартылай қорғаушы барлық турнирде 53 матч өткізіп, ересектер деңгейінде алғашқы ойын тәжірибесін алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан