2 күн бұрын
Ислам Чесноков қай клубта ойнайтынын таңдады
Фото: «Хартс» футбол клубы
Шотландиялық Daily Record басылымы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың эдинбургтік «Хартстан» кетуге жақын екенін хабарлады Sports.kz.
Дереккөздің хабарлауынша, 26 жастағы футболшы қазақстандық «Ақтөбеде» мансабын жалғастыра алады. Қазақстандық клуб «Хартс» және ойыншының өзімен трансфер туралы келісімге қол жеткізуге жақын тұр.
Daily Record жазғандай, бұған дейін Чесноков өзінің бұрынғы «Тобыл» клубына оралуы мүмкін болған. Алайда «Ақтөбе» вингерді мансапты жалғастырудың тиімді нұсқасын ұсынған.
Өткен маусымда Ислам Чесноков «Хартс» үшін Шотландия чемпионатында он матч өткізіп, бір гол соқты. Чесноков 2026 жылдың қаңтарында бұл командаға қостанайлық «Тобылдан» ауысқан еді. Оның Шотландия клубымен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін созылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан