5 сағат бұрын
17 адам зардап шекті: Мексика құрамасының жеңісін тойлаған жанкүйерлерді көлік қағып кетті
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Мексика құрамасының жеңісінен кейін қайғылы оқиға болды. Кабо-Сан-Лукас қаласында мерекелік думанға жиналған жанкүйерлерді көлік қағып, салдарынан кемінде 17 адам жарақат алды.
Оқиға 24 маусымға қараған түні Ласаро Карденас даңғылында болған. Куәгерлердің айтуынша, жанкүйерлер жолмен келе жатқан көлікті қоршап, қозғалысына кедергі келтірген. Осы кезде жүргізуші ашуға булығып, көлігін адамдарға қарай айдаған. Артынша көлік бағанаға соғылған.
Оқиғадан кейін жүргізуші полиция тұтқындады. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, Мексика құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчында Чехияны 3:0 есебімен жеңген. Осы жеңістің арқасында команда өз тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан