5 сағат бұрын
«Ордабасы» бапкерлер штабы еуропалық маманмен толықты
Фото:”Ордабасы” фк
Шымкенттің «Ордабасы» клубы бапкерлер құрамын жаңа маманмен күшейтті. Команданың баспасөз қызметі румыниялық маман Влад Никоарэнің штабқа қосылғанын хабарлады.
Ол дене даярлығы жөніндегі бапкер қызметін атқарып, футболшылардың физикалық дайындығына жауап береді.
Сондай-ақ шымкенттік клуб жазғы трансферлік кезеңде құрамына екі шетелдік ойыншыны қосқан. Қазіргі уақытта команда сапында 10 легионер бар.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде «Ордабасы» 34 ұпаймен көш бастап тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан