Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

12 сағат бұрын

ҚФФ екі бапкерді бір жарым жылға футболдан шеттетті

ҚФФ екі бапкерді бір жарым жылға футболдан шеттетті

2026 жылдың 25 маусымында Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің отырысы өтті.

Комитет ҚФФ Жарыстар қауіпсіздігі және адалдық қызметінің жетекшісі А.Е. Бутиннің «Хан Тәңірі» футбол клубы өкілдерінің UEFA-ның «С» санатындағы бапкерлік лицензияларының бар екенін растау кезінде жалған құжаттарды пайдалануы бойынша қызметтік тергеу аясындағы өтінішін қарады.

Тексеру қорытындысы бойынша «Хан Тәңірі» жастар командасының бапкері Асылжан Ермекұлы Ермеков пен Айбек Сәкенұлы құжаттарды қолдан жасау және бұрмалау фактілері үшін 18 айға футболға қатысты кез келген қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сонымен қатар екеуіне де 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Олар айыппұлды 2026 жылдың 25 шілдесіне дейін төлеуі тиіс.

Сондай-ақ, жалған құжаттарды клуб атынан пайдаланғаны және ҚФФ-ның ресми тұлғаларына қатысты балағат сөздер айтып, беделге нұқсан келтіретін сипаттағы қоқан-лоқы көрсеткені үшін «Хан Тәңірі» клубының менеджері Айдын Омарбекович Масалимов 12 айға футболға байланысты кез келген қызметтен шеттетілді. Оған да 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ермековке, Сәкенұлына және Масалимовқа қатысты санкциялардың орындалуын «Хан Тәңірі» футбол клубы қамтамасыз етуге міндеттелді.

Бұдан бөлек, жалған құжаттарды пайдаланғаны үшін «Хан Тәңірі» клубының өзіне де 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ал клубтың бас директоры Т.К. Молдағалиевке ҚФФ регламенттік құжаттарының талаптарын тиісінше орындамағаны үшін ескерту жасалып, болашақта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу және бапкерлерді лицензиялау процесіне бақылауды күшейту ұсынылды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан