5 сағат бұрын
Шымкентте «Балғын» республикалық турнирінің алғашқы ойындары өтті
Фото: ҚФФ
Шымкент қаласында 2012-2013 жылы туған қыздардан құралған облыстық және өңірлік құрамалар қатысатын «Балғын» республикалық футбол турнирі басталды. Алғашқы ойын күнінде екі кездесу өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы матчта Батыс пен Оңтүстік өңірлерінің құрамалары кездесті. Есеп матчтың 4-минутында ашылды. Айзере Қуанышқали дәл соққымен Батыс құрамасын алға шығарды. 45-минутта Еркеназ Марат командасының басымдығын еселей түсті. Үзілістен кейін Оңтүстік құрамасы есеп айырмасын қысқартты. 63-минутта Мария Мамонтова мергендік танытты. Алайда 75-минутта Айнара Биғамбаева Батыс құрамасының басымдығын қайтадан екі допқа жеткізді. 78-минутта Мария Мамонтова дубль авторы атанып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі – 3:2.
Оңтүстік өңір құрамасы – Батыс өңір құрамасы – 3:2 (1:0)
Голдар: Қуанышқали 4, Марат 45, Биғамбаева 75 – Мамонтова 63, 78
Оңтүстік: Морозова (Қ), Сағымқұл, Абдумит, Амангелді Қ., Керебек, Шушеначева, Әжібай, Ибрагим, Тәжібаева, Оразбай, Мамонтова.
Қосалқы құрам: Сағиева, Тылқын, Райымқұл, Василенко, Жақсыбай, Жеңісқызы, Мәдiбек, Керимова, Амангелді А.
Бас бапкер: А.К. Елеусізова.
Батыс: Қалмұрза, Жұмабай, Бесембай, Мантулина, Қуанышқали, Әліпбаева, Самат, Қуанышқызы, Болат, Харченко, Сағынгерей.
Қосалқы құрам: Токарева, Гондаренко, Денисенко, Аманқос, Марат, Степанова, Биғамбаева, Тоқтарова, Байкен, Чебакова.
Бас бапкер: Г.Е. Кенжетай.
Күннің екінші матчында Солтүстік өңір құрамасы Шығыс өңірінің командасын 5:0 есебімен ірі есеппен жеңді. Бірінші таймның соңына қарай есепті Іңкәр Мұрат ашты. Үзілістен кейін Камилла Ищанова дубль жасап, 75 және 78-минуттарда гол соқты. Сондай-ақ Сәфия Төленді мен Алина Ахметшәріп бір-бір голдан соғып, солтүстік командасының сенімді жеңісін рәсімдеді.
Шығыс өңір құрамасы – Солтүстік өңір құрамасы – 5:0 (1:0)
Голдар: Мұрат 42, Төленді 65, Ищанова 75, 78, Ахметшәріп 78.
Шығыс: Ярмоленко (Қ), Куропатенко, Ыбырай, Тебенькова, Данаева, Тасырхан, Әлімбекова, Мустафина, Орынбасарова, Молдавчук, Мәуленқызы.
Қосалқы құрам: Куропатенко, Фисун, Комарова, Садақас, Борисовская, Сабырбай, Ерболқызы, Өскембай, Акентьева.
Бас бапкер: Е.С. Эрбес.
Солтүстік: Бейсенбай, Сенбі, Нұрмахан, Амангелдиева, Әскербай, Валеева, Ищанова, Дизендорф, Огнева, Балабаева, Мищенко.
Қосалқы құрам: Төленді, Ахметшәріп, Дадашова, Давиденко, Алтынбек, Кеңес, Мырзабаева, Аманмолла, Мұрат, Закирзянова.
Бас бапкер: Т.О. Ткач.
2026 жылғы 25 маусым. Шымкент қаласы.
Аталған жоба әйелдер футболын дамытуға, болашағынан үміт күттіретін жас футболшыларды анықтауға және оларды одан әрі қолдау жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Турнирде үздік өнер көрсеткен ойыншылар тамыз айында өтетін Даму кубогына қатысатын Қазақстан WU-15 жасөспірім қыздар құрамасына шақырту алады.
Еске салсақ, бұдан бұрын 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 турниріне қатысатыны белгілі болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан