Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

“Ақтөбе” Ислам Чесноковқа қатысты келіссөздерді тоқтатты

“Ақтөбе” Ислам Чесноковқа қатысты келіссөздерді тоқтатты

“Ақтөбе” футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковқа қатысты жүргізілген трансферлік келіссөздерді тоқтатқанын ресми түрде хабарлады.

Клубтың мәліметінше, келіссөздер барысында ойыншы тарапынан ұсынылған шарттар “Ақтөбенің” трансферлік саясатына сәйкес келмеген. Сондай-ақ, “Ақтөбе” клубының хабарлауынша, Чесноков пен оның өкілдері футболшыны Ресей Премьер-лигасына өтудің аралық кезеңі ретінде Қазақстан клубтарының біріне уақытша ауыстыру нұсқасын қарастырған.

Бұған дейін Ислам Чесноковқа “Ордабасы” және “Тобыл” клубтары қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған еді. Бірақ өзге клубтар бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірмеді.

Айта кетейік, Ислам Чесноков қазіргі таңда Шотландияның “Хартс” сапында доп тебеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан