2 сағат бұрын
“Шахтер” “Таразды” 2:0 есебімен жеңді
Бірінші лиганың 11-турында “Шахтер” мен “Тараз” өзара мықтыны анықтады.
Тартысқа толы матчтың 9-минутында “Шахтер” сапынан Александр Мигунов есеп ашты.
Нәтижесінде бірінші тайм 1:0 есебімен қарағандылық клубтың пайдасына аяқталды.
Екінші таймда да ойын тізгінін “Шахтер” қолға алды.
Бұл жолы Артем Литош мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша 2:0 есебімен “Шахтер” жеңіске жетті. Бұл жеңістен кейін 28 ұпаймен қарағандылық клуб турнир кестесінде 2-орынға жайғасты.
Ал “Тараз” 16 ұпаймен 7-орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан