4 сағат бұрын
«Интернет нашар»: «Жетісу» - «Ақтөбе» көрсетілімі неге үзіліп қалды?
Фото: «Жетісу» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХVтурындағы «Жетісу» - «Ақтөбе» матчының тікелей көрсетілімінде техникалық ақаулар болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
- «Жетісу» - «Ақтөбе» матчының тікелей трансляциясы барысында интернет байланысының тұрақсыздығына байланысты техникалық ақаулар орын алуы мүмкін.
Интернет желісіндегі қысқа мерзімді ауытқулар салдарынан кейбір сәттерде дыбыстың үзілуі және трансляция сапасының уақытша төмендеуі байқалуы ықтимал, - деп жазылған хабарламада.
Дәл қазір бұл кездесуде талдықорғандық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан