2 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев “Челси” сапына қосылу үшін Лондонға аттанды
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев кәсіби мансабындағы жаңа белесті бастау үшін Англияға аттанды. Жас шабуылшы енді англияның “Челси” сапында мансабын жалғастырады.
17 жастағы футболшыны Алматы әуежайында оны жақындары мен жанкүйерлері шығарып салды. Қоштасу сәтінен түсірілген фото және бейнематериалдар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Айта кетейік, Дастанның “Челсиге” ауысатыны өткен жылдың ақпан айында белгілі болған еді. Алайда халықаралық талаптарға байланысты ол 18 жасқа толғанға дейін “Қайрат” сапында өнер көрсетті. Енді 1 шілдеден бастап ресми түрде лондондық клубтың ойыншысы атанбақ. Ал екі жақты келісімшарт 12 тамызда күшіне енеді.
Ал Дастан Сәтпаевтың трансфері шамамен 4–4,3 миллион еуроға бағаланған. Бұл – Қазақстан футболы тарихындағы ең ірі трансфер.
Жас шабуылшы “Қайрат” құрамындағы соңғы ойынын 17 маусымда “Қызылжарға” қарсы өткізіп, екі мәрте мергендігімен көзге түсті. Сол күні Алматыдағы Орталық стадионда клуб жанкүйерлері мен команда өкілдері оған ақ жол тілеп, құрметпен шығарып салды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан