2 сағат бұрын
“Қайрат” “Оқжетпесті” жеңіп, турнир кестесінде көш бастады
Фото:”Қайрат” фк
Қазақстан Премьер-лигасының 16-турында “Қайрат” “Оқжетпесті” 3:1 есебімен жеңді.
Сырт алаңда алматылық клуб ойын тізгінін бірден қолға алды. “Қайрат” сапынан Ойва Юккола, Лукас Африко және Эдмилсон қарсылас қақпасынан саңылау тауып, командасына жеңіс сыйлады.
“Оқжетпес” командасынан жалғыз голды Бектемин Абдуманнонов соқты. Есеп 3:1.
Нәтижесінде “Қайрат” жеңіске жетті. Осылайша алматылық команда “Ордабасын” екінші сатыға зырғытып, 36 ұпай ен турнир кестесінде көш бастады.
Ал “Оқжетпес” 27 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан