14 сағат бұрын
Әлем чемпионатында гол соқпаған бір ғана құрама тіркелді
28 маусымға қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі 3-тур аясында Панама мен Англия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz
L тобының ойыны АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында өтіп, Томас Тухель жаттықтыратын Англия құрамасының 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Панама құрамасы турнирдің топтық кезеңінде бірде-бір гол соға алмаған жалғыз команда болды.
Бұған дейін Панама құрамасы топтық кезеңде Хорватиядан 0:1 және Ганадан 0:1 есебімен жеңілген еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов