6 күн бұрын
Луиш Нани АҚШ-қа кетіп қалды
«Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Луиш Нани 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турындағы Португалия мен Колумбия құрамалары арасындағы матчқа барды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Португалия құрамасының бұрынғы ойыншысы өзінің Instagram парақшасында АҚШ-тың Майами қаласындағы «Хард Рок Стэдиум» стадионы трибунасынан түсірілген суретті жариялады. Сол сәтте стадионның алып медиаэкранында португалиялықтардың капитаны Криштиану Роналду өзінің әйгілі 7-нөмірлі жейдесімен ірі жоспармен көрсетіліп тұрған еді.
Нани кеше өткен Қазақстан Премьер-лигасының 15-турындағы «Жетісуға» қарсы ойынды өткізіп алды. Бұған алдыңғы «Астанаға» қарсы кездесуде маусымдағы төртінші сары қағазын алып, тәртіптік жазаға ұшырауы себеп болды. Жұлдызды легионерінсіз алаңға шыққан «Ақтөбе» сырт алаңда «Жетісудан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Нани өз мансабында Португалия құрамасы сапында 112 матч өткізіп, 2016 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов