4 сағат бұрын
ҚПЛ: «Қайсар» сырт алаңда «Ертістен» басым түсті
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 15-турында қызылордалық «Қайсар» сырт алаңда Павлодардың «Ертісінен» 2:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында павлодарлық клубтан Жан Марел По 15-минутта есеп ашқан еді. Оған 44-минутта қызылордалық клубтан Никола Цуцкич бір голмен жауап қайырды.
Ал 65-минутта «Қайсар» сапынан Стефан Букорац соққан гол командасына жеңіс алып келді.
Осылайша қызылордалық клуб турнир кестесінде 17 ұпаймен турнир кестесінде 11-орынға көтерілді. Есесіне небәрі 10 ұпаймен «Ертіс» соңғы орынға түсіп қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан