3 сағат бұрын
Футболдан ӘЧ-2026: бүгін плей-офф кезеңінің алғашқы ойыны өтеді
Фото: Fifa.com
Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында плей-офф кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кезеңдегі алғашқы ойын Оңтүстік Африка - Канада құрамалары арасында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 29 маусымда сағат 00:00-ге белгіленген.
Оңтүстік Африка құрамасы А тобында сынға түсті. Олар Мексикаға 0:2 есебімен есе жіберіп, Оңтүстік Кореяны (1:0) жеңсе, Чехиямен (1:1) тең ойнады. Нәтижесінде өз тобында 4 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
В тобында сынға түскен канадалық футболшылар да дәл осындай ұпай жинады. Олар Швейцарияға (1:2) жеңіліп, Босния және Герцогвинамен (1:1) тең нәтижеге қанағат білдірді. Одан кейін Қатарды 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ плей-офф сатысында 29 маусымда Бразилия - Жапония, 30 маусымда Германия - Парагвай, Нидерланд - Марокко, Кот-д'Ивуар - Норвегия, 1 шілдеде Франция - Швеция, Мексика - Эквадор, Англия - Конго ДР кездеседі.
Сондай-ақ 2 шілдеде Бельгия - Сенегал, АҚШ - Босния және Герцоговина, 3 шілдеде Португалия - Хорватия, Аустралия - Египет, 4 шілдеде Аргентина - Кабо-Верде, Колумбия - Гана шеберлік байқасады.
Ал 1/8 финал 4-7 шілде күндері өтсе, одан кейін 1/4 финал 9-11 шілде, 1/2 финал 14-15 шілде күндері болады. Финал мен 3-орын үшін ойын 18-19 шілде күндеріне белгіленген.
Еске салсақ, бұдан бұрын АҚШ Маурисио Почеттиноға қатысты шешім қабылдады
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан