3 сағат бұрын
Франьо Прце «Атырау» сапын толықтыруы мүмкін
Фото: sports.kz
Хорватиялық қорғаушы Франьо Прце мансабын «Атырау» футбол клубында жалғастыруы мүмкі, деп хабарлайды Sport12.kz.
30 жастағы футболшы кәсіби мансабында Италияның «Лацио», «Салернитана», «Брешия», Хорватияның «Хайдук», «Вараждин», «Славен Белупо», Кипрдің «Омония» және Румынияның «Петролул» клубтарының намысын қорғаған.
Франьо Прценің Қазақстан Премьер-лигасында да өнер көрсету тәжірибесі бар. Ол бұған дейін көкшетаулық «Оқжетпес» клубының сапында ойнаған. Сонымен қатар қорғаушы Хорватияның U-21 жастар құрамасына шақырылған.
Егер келісім жүзеге асса, Франьо Прце Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралып, «Атырау» сапын толықтыруы мүмкін. Қазіргі таңда тараптар трансферге қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан