3 сағат бұрын
ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңында «Алтайды» қапы қалдырды
Фото: «Тобыл» хоккей клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 15-турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Өскеменнің «Алтайынан» басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Биылғы доп додасын сәтсіз бастаған қостанайлық клуб кейінгі уақытта ойынды түзеп келеді. Соңғы үш кездесудің біреуінде жеңіске жетсе, біреуінде тең ойнап, біреуінде қарсыласына есе жіберді.
Есесіне «Алтай» соңғы орындардың бірін місе тұтып тұр.
Кездесу барысында қостанайлық клубтан Асхат Тағыберген 14-минутта пенальтиден есеп ашса, 18-минутта өскемендік командадан Никола Ямбор таразы басын теңестіріп кетті.
Ал қостанайлық клубтан Луис Герра 73, Амин Талал 80-минутта екі гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» қатарынан алтыншы мәрте жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан