1 күн бұрын
Мазбаев «Ұлытаудың» биыл сәтті ойнауын түсіндірді
Фото: «Ұлытау» футбол клубы
Жезқазғандық «Ұлытау» командасының бас бапкері Нұркен Мазбаев өз шәкірттерінің біріншілікте сәтті ойын көрсетуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Биыл Қазақстан Премьер-лигасында жезқазғандық команда турнир кестесінде 23 ұпаймен төртінші орында тұр. Олардың еншісінде 6 жеңіс, 5 тең ойын, 3 жеңіліс бар.
- Рас, биыл команда ойыны жанкүйер көңілінен шығып келеді. Әрине, оның еш құпиясы жоқ. Сәттілік те серік болып жатыр. Өзіміздің философия, стратегияға байланысты ойыншыларды қараша айынан бастап іздедік. Жыл басына дейін бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылды. Сол ауқымды еңбектің жемісі деп ойлаймын. Қаңтар айында алты футболшымен келісімге келіп үлгердік. Қазір командада жақсы көңіл-күй, атмосфера бар. Біз өз күшімізді білеміз. Алдағы ойындарда жеңіске күш саламыз. Нақты нәтижені алдағы уақытта толық білетін боламыз, - деді бас бапкер.
Нұркен Мазбаев «Ұлытау» командасы тізгінін 2025 жылдың жаз мезгілінде ұстады. Оған дейін 2008 жылдан бері еліміздің клубтарында түрлі қызмет атқарды.
Футболшы мансабында 1992-2007 жылдары еліміздің командаларында шабуылшы болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан