10 сағат бұрын
Неймар бүгін жасыл алаңға шыға ма?
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Жапонияға қарсы матч алдында шабуылшы Неймардың ойынға дайындығына баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
34 жастағы «Сантос» клубының шабуылшысы жарақатына байланысты топтық кезеңнің алғашқы екі матчын өткізіп алған болатын. Ол Шотландияға қарсы соңғы кездесуде (3:0) 76-минутта қосалқы құрамнан алаңға шығып, ойынға қатысты.
«Неймардың қалпына келуі жақсы жүріп жатыр. Соңғы бір аптада оның физикалық дайындығы айтарлықтай жақсарды. Өкінішке қарай, ол бізбен бірге барлық жаттығуларға қатыса алмады.
Әрине, ол 15 минуттан да көп уақыт ойнай алады. Бірақ бұл көбіне матчтың қалай өрбитініне байланысты болады», – деп келтіреді Анчелоттидің сөзін Globo.
Бразилия – Жапония матчы 29 маусым күні өтеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов