Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

АҚШ қауіпсіздік қызметі Әлем чемпионатына қатысты жаға ұстатарлық ақпарат жариялады

АҚШ қауіпсіздік қызметі Әлем чемпионатына қатысты жаға ұстатарлық ақпарат жариялады

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросының (ФТБ) директоры Кэш Патель 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан нысандардың маңында 400-ден астам дронның тәркіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұған дейін турнирдің алғашқы аптасынан кейін АҚШ-тағы әлем чемпионатының сегіз нысанының аумағында 39 ұшқышсыз ұшу аппаратының тәркіленгені хабарланған болатын.

— Бүгінгі күнге дейін ел бойынша серіктестерімізбен бірлесіп, ФИФА іс-шаралары кезінде ұшуға тыйым салынған аймақтардың маңында анықталған 400-ден астам дронды тәркіледік. Кеше ғана Майамидегі ФТБ бөлімшесінің жетекшілігімен жеті дрон қолға түсірілді. Сондай-ақ жанкүйерлер фестивальдері кезінде тағы жеті дронды қолдану әрекетінің жолы кесілді, — деп жазды Патель әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін маусым айында Кэш Патель ФТБ мен АҚШ-тың өзге де қауіпсіздік қызметтері UFC Freedom 250 турниріне жасалуы мүмкін ықтимал шабуылдың алдын алғанын мәлімдеген еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан