4 сағат бұрын
«Манчестер Сити» клубының жаңа бас бапкері белгілі болды
«Манчестер Сити» клубы Энцо Маресканы бас бапкер қызметіне ресми түрде тағайындағанын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Италиялық маманмен 2029 жылдың жазына дейін, яғни үш жыл мерзімге келісімшарт жасалды. Бұл Маресканың «Манчестер Сити» құрылымындағы үшінші қызмет кезеңі болмақ.
«Манчестер Сити» — мен өте жақсы білетін клуб. Осындай команданы жаттықтыру мүмкіндігіне ие болу — мен үшін керемет мүмкіндік. Бұл өте сауатты басқарылатын футбол клубы. Мұнда атқарылатын әрбір іс жаңашылдыққа, нақты жоспарға және терең ойға негізделген. Бапкер үшін бұл мінсіз орта», — деді Мареска.
Еске салайық, Мареска бұған дейін «Сити» жүйесінде жастар командасын жаттықтырған, сондай-ақ клуб тарихи треблге қол жеткізген маусымда бапкерлер штабының мүшесі болған. Бұдан бөлек, италиялық маман «Лестер» мен «Челси» клубтарын жаттықтырып, табысты нәтижелерге қол жеткізген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов