Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Германия құрамасының Әлем чемпионатында ерекше жетістігі бұзылды

Германия құрамасының Әлем чемпионатында ерекше жетістігі бұзылды

Германия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында өз тарихындағы жағымсыз көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еске салайық, бұған дейін Парагвай құрамасы күтпеген жерден Германияны пенальти сериясында жеңіп, мундиальдың плей-офф кезеңінен шығарып жіберген болатын.

Бұл Германия ұлттық құрамасының тарихындағы матчтан кейінгі пенальти сериясындағы алғашқы жеңілісі болды.

Осыған дейін немістер мұндай төрт серияға қатысып, барлығында жеңіске жеткен еді. Атап айтқанда, 1982 жылы Францияны, 1986 жылы Мексиканы, 1990 жылы Англияны, ал 2006 жылы Аргентинаны пенальти сериясында тізе бүктірген болатын.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан