Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Мектеп турнирінен – «Шахтер» академиясына дейін

Мектеп турнирінен – «Шахтер» академиясына дейін

«ALGA!» жобасының алғашқы қатысушылары үлкен футболға бастар маңызды қадам жасады, деп хабарлайды Sport12.kz

Әлімхан Ермеков атындағы кубокта жеңіске жеткеннен кейін «ALGA!» жобасының тәрбиеленушілері «Балдәурен» турниріне қатысты. Осы жарыста олардың жоғары деңгейдегі дайындығы мен шеберлігі көзге түсіп, нәтижесінде 10 футболшы Қарағандыдағы «Шахтер» академиясынан шақырту алды.

Көп ұзамай жас ойыншылар жаңа команда сапында Freedom BFL турниріндегі алғашқы матчтарын өткізді.

«Шахтер» академиясының бапкері Юлия Бут «ALGA!» жобасының тәрбиеленушілері алғашқы күннен-ақ жақсы әсер қалдырғанын атап өтті:

«Әдетте жаңа ойыншыларға командаға бейімделу үшін уақыт қажет болады. Алайда “ALGA!” жобасының қыздары алғашқы жаттығудан бастап белсенділік танытып, жаңа дүниелерді меңгеруге деген ынтасын көрсетті. Алғашқы ойындарында өздеріне сенімді өнер көрсетті. Маған ерекше ұнағаны – олардың алаңда бір-біріне қолдау көрсетуі. Нағыз команда дәл осындай қасиеттерден қалыптасады».

Бұл жетістік «ALGA!» жобасының басты мақсатын тағы бір мәрте айқындай түсті. Жоба дарынды балалардың футболдағы алғашқы қадамдарын қолдап қана қоймай, олардың кәсіби спортқа жол ашуына мүмкіндік беріп келеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан