6 сағат бұрын
Юрген Клопп Германия құрамасын баптай ма?
«Ливерпуль» мен Дортмундтың «Боруссия» клубтарының бұрынғы бас бапкері, қазіргі таңда «Ред Булл» компаниясының футбол бөлімін басқаратын Юрген Клопп Германия құрамасын жаттықтыруы мүмкін деген әңгімеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін, 30 маусымға қараған түні Юлиан Нагельсман баптайтын Германия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Парагвайдан күтпеген жерден жеңіліп қалды (негізгі уақыт — 1:1, пенальти сериясы — 3:4).
«Мен бұл туралы әзірге ойланған жоқпын. Германия құрамасының бас бапкері қызметі сөз болған сайын, менің атымның аталып жүретінін түсінемін. Бірақ қазір бұл мәселені байыппен талқылайтын уақыт емес. Айтар ештеңем жоқ.
Мен өзіме өте ұнайтын жұмысты атқарып жүрмін. Оның үстіне, менің білуімше, Германия құрамасындағы бұл қызмет жартылай жұмыс емес», — деді Юрген Клопп Magenta TV арнасына.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов