5 сағат бұрын
«Ақтөбе» футбол клубы ресми мәлімдеме жасады
«Ақтөбе» футбол клубы ресми мәлімдеме жасап, түркиялық жартылай қорғаушы Эрай Өзбекпен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sport12.kz
«Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақтөбе» футбол клубы түркиялық жартылай қорғаушы Эрай Өзбекпен келіссөздер жүргізіп жатыр деген жалған ақпарат жарияланды.
«Ақтөбе» футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа мүлде жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Клуб аталған футболшымен ешқашан ешқандай келіссөз жүргізген емес. Клуб мұндай қауесеттердің қайдан және кімнен тарап жатқанын жақсы біледі және алдағы уақытта бұған қатысты қатаң шаралар қабылдауға ниетті», – деп клубтың Instagram парақшасында жарияланған.
Кеше қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында клубтың түркиялық футболшымен жүргізген келіссөздері сәтсіз аяқталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Атап айтқанда, «Ақтөбе» ауызша келісімге қарамастан, Түркия жастар құрамасының бұрынғы ойыншысымен келісімшарт жасаудан түсініксіз себептермен бас тартқаны хабарланған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов