4 сағат бұрын
Михаил Шайдоров футболдан Әлем чемпионатының фаворитін атады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеңімпазы туралы өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұйымның Instagram-парақшасында әлемге танымал мәнерлеп сырғанаушылармен болған жеке хат алмасудың скриншоттары жарияланды. Онда спортшылардан қазіргі әлем чемпионатындағы басты фавориттері туралы пікірлері сұралған.
Сауалнамаға қатысқандардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров та болды.
– «Сәлем! Жылдам сұрақ: сенің ойыңша, ФИФА әлем кубогын кім жеңіп алады?» – деп сұрады ұйымдастырушылар қазақстандық спортшыдан.
– «Сәлем! Меніңше, Франция», – деп жауап берді Шайдоров.
Алайда қазақстандық спортшының пікірін әріптестерінің бәрі бірдей қолдаған жоқ. Ұйымның баспасөз қызметі әлемдік мәнерлеп сырғанаудың басқа да жұлдыздарының жауаптарын жариялады.
Нина Пинзарроне мен Адам Сяо Хим Фа да еш ойланбастан Франция құрамасын таңдады. Ал Николай Майоров екі басты үміткерді атады:
– «Меніңше, чемпион Франция немесе Аргентина болады. Өзім Аргентинаға жанкүйермін».
Испаниялық жұп Оливия Смарт пен Тим Дик өз елінің құрамасының жеңісіне сенетіндерін жеткізді.
– «Испания!!!» – деп эмоциясын жасырмады спортшы.
Ұлыбританиялық мұз үстіндегі биші Джеймс Эрнандес Англия құрамасының жеңетінін қысқа ғана болжады.
Ал турнирді қабылдап жатқан елдердің өкілдері өз құрамаларын қолдауды жөн көрді. Мәселен, мексикалық Донован Каррильо:
– «Мексика», – деп жауап берсе, америкалық Дэнни О’Ши тәуекелге баратынын мойындай отырып:
– «Мұның мүмкіндігі аз екенін білемін, бірақ соңына дейін АҚШ құрамасын таңдаймын!» – деді.
ISU жарияланымында:
«Олимпиадашылар жеңістің қадірін жақсы біледі. Сондықтан біз олардан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында кім жеңіске жетеді деп ойлайтынын сұрадық. Мәнерлеп сырғанаушылардың айқын фавориті бар. Ал сіздің таңдауыңыз кім?» – деп жазылған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов