2 сағат бұрын
Жанкүйерлер Оңтүстік Корея құрамасының ойыншыларына елден кетуін талап етті
Оңтүстік Корея құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіз өнерінен кейін елге оралды, деп хабарлайды Sport12.kz.
57 жастағы бас бапкер Хон Мен Бо жаттықтыратын команда өз тобында үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне өте алмады.
Хон Мен Бо мен ұлттық құраманың бірнеше футболшысы таңғы сағат төрт шамасында Оңтүстік Кореяға оралды. Алайда оларды Инчхон халықаралық әуежайында барабандарын ұстаған жанкүйерлер қарсы алып, бас бапкер мен ойыншылардың атына наразылық ұрандарын айтты.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жанкүйерлер Хон Мен Боның тек ұлттық құрамадағы қызметінен кетуін ғана емес, елден де кетуін талап еткен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов