5 күн бұрын
Португалиялық шабуылшы «Қайсар» сапына қосылды
Фото: «Қайсар» футбол клубы
26 жастағы шабуылшы Агостиньо ресми түрде "Қайсар" сапын толықтырлы6 деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Жаңа ойыншымыз Португалияда дүниеге келіп, футболдағы алғашқы қадамын "Каса Пиа" клубында бастаған. Ол Португалияның жоғары лигасында "Риу Аве" мен "Лейшойнш" командаларының намысын қорғады.
Өткен маусымда Агостиньо Люксембургтің "Дюделанж" клубы сапында өнер көрсетіп, 28 матчта 11 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол Гвинея-Бисау ұлттық құрамасы сапына үміткер футболшылардың қатарында.
Шабуылшымен 1,5 жылдық келісімшарт жасалды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және инспекциялау департаменті Премьер-лиганың 16-туры аясындағы «Астана» – «Жеңіс» кездесуіне қызмет көрсететін төрешілер құрамын жариялады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан