7 сағат бұрын
Руслан Хадаркевич «Ертіс» сапынан кетті
Фото: «Ертіс» футбол клубы
Қорғаушы Руслан Хадаркевич пен «Ертіс» футбол клубы өзара келісім негізінде еңбек шартын тоқтатты, деп хабарайды Sport12.kz.
- Осы маусымда Руслан ақ-көк жейдеде 6 матчқа қатысты. Клуб ойыншыға атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейді, - деп жазылған хабарламада.
Руслан Хадаркевич – Беларусь футболының түлегі, сол елдің бірқатар клубында ойын көрсетті, Олардың қатарында БАТЭ және «Динамо» (Минск) командалары бар. Бұған дейін қазақстандық «Атырау» командасында ойын көрсетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ертіс» сәтсіздік сериясын жалғастырды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан