2 күн бұрын
«Қызылжар» тағы бір легионермен қоштасты
Петропавлдың «Қызылжар» клубы сенегалдық шабуылшы Оноре Гомиспен ресми түрде қоштасқанын хабарлады.
30 жастағы футболшы команда сапына биылғы жылдың ақпан айында қосылған болатын. Алайда Қазақстан Премьер-лигасының осы маусымында өткізген 11 матчында нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады.
Оноре Гомис – танымал футболшылар Бафетимби Гомис пен Нампалис Мендидің інісі. Бұған дейін ол Грузияның «Динамо» (Тбилиси), «Дила» және «Динамо» (Батуми) клубтарының намысын қорғаған.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Қызылжар» Премьер-лигада 16 матчтан кейін 15 ұпаймен турнир кестесінің 12-орнында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан