6 сағат бұрын
Хорватия құрамасының бас бапкері Португалияның басты артықшылығын атады
Хорватия ұлттық құрамасының бас бапкері Златко Далич 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Португалия құрамасының ойын деңгейіне баға беріп, команданың жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналдудың шеберлігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бұл – әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі. Олардың тамаша жаттықтырушысы бар және ол керемет жұмыс атқарып келеді. Мұны Бельгия құрамасында да дәлелдеді, енді Португалияда да көрсетіп отыр. Олардың сапында кез келген сәтте гол соға алатын Роналду бар. Португалияның басты артықшылығы – ойыншылардың техникалық шеберлігі мен допты бақылауы. Олар осы жағынан өте мықты. Көптеген қауіпті шабуыл ұйымдастырып, үнемі ойын тізгінін өз қолына алуға ұмтылады», – деп келтіреді бапкердің сөзін Mundo Deportivo басылымы.
Айта кетейік, қос құраманың ойыны 2 шілдеге ауған түні 04:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов