4 сағат бұрын
«Шахтер» клубы соңғы минутта жеңісті жұлып алды
Қарағандылық «Шахтер» Қазақстан Бірінші лигасының 12-туры аясындағы сырт алаңдағы кездесуде шымкенттік «Оңтүстік» командасын жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Есеп 14-минутта ашылды. Қорғаушылардың артына бағытталған ұзақ пастан кейін Артем Литош допты қабылдап, айып алаңына қарай пас шығарды. Ал Максим Галкин кеудесімен допты қақпа торына бағыттап, есепті ашты — 1:0.
Үзілістен кейін алаң иелері бірден таразы басын теңестірді. 47-минутта айып добынан асырылған пастан кейін Әлихан Али әуедегі тартыста жеңіске жетіп, баспен қақпаға дәл соққы жасады.
Матч тең аяқталуға жақындаған сәтте қарағандылықтарға жеңіс сыйлаған голды Артем Литош соқты. Ол 90-минутта қарсылас қақпасын дәл көздеп, ойынның қорытынды есебін белгіледі — 2:1, «Шахтердің» пайдасына.
Осы жеңістің арқасында қарағандылық клуб 31 ұпай жинап, Қазақстан Бірінші лигасының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ал «Қайрат-Жастардың» еншісінде 29 ұпай бар және олардың қарсыласынан қарағанда бір ойыны кем.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов