3 сағат бұрын
Ресми: Марат Еслямов – «Ертіс» футбол клубының бас бапкері
Фото: «Ертіс» футбол клубы
48 жастағы қазақстандық маман Марат Жолдасұлы Еслямов «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Марат Жолдасұлы кәсіби футболшы ретінде «Намыс», «Қайрат ЦСКА», «Ақмола», «Есіл» және «Химик» клубтарында өнер көрсеткен. Бапкерлік жолында клубтарда, Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында еңбек етті. 2021 жылы «Ақсумен» Бірінші лиганың жеңімпазы атанса, 2022 жылы «Қайсармен» Бірінші лиганың күміс жүлдесін иеленіп, команданы Премьер-лигаға шығарды. 2023–2024 жылдары «Ұлытау» клубын басқарды.
Бас бапкердің көмекшісі болып Иван Геннадьевич Азовский тағайындалды. Ол да қазақстандық клубтарда және Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында қызмет атқарған тәжірибелі маман.
Жаңа жаттықтырушылар штабы «Ертіс» тізгінін күрделі кезеңде қабылдап, чемпионат екінші бөлігін сәтті өткізу үшін барын салмақ.
Еске салсақ, бұдан бұрын ресейлік қақпашы Виталий Ботнарь «Ертіс» футбол клубынан кетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан