Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

ӘЧ-2026: Испания Аустрияны ірі есеппен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды

ӘЧ-2026: Испания Аустрияны ірі есеппен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды

Фото: fifa.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасы 1/8 финалға берілген он бірінші жолдамаға ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында испаниялық футболшылардың басымдығы байқалып тұрды. Ойын тізгінін қолға ұстаған олар қарсылас қақпасына жиі шабуыл ұйымдастырып, жылдам гол соғу мүмкіндігін қарастырды. Соған қарамастан Аустрия құрамасы оған лайықты тойтарыс берді.

Десе де бірінші кезеңде испаниялық құрама дегеніне жетті. Олардың қатарынан шабуылшы Микель Оярсабаль 36-минутта тепкен доп қақпа торында тулап жатты.

Ал 66-минутта испаниялық тағы бір футболшы Педро Порро есепті үстемелей түссе, Микель Оярсабаль 89-минутта тағы бір мәрте көзге түсті.

Осылайша Испания қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі сатысына шықты. Енді олар 6 шілдеде Португалия - Хорватия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

2010 жылғы әлем чемпионы Испания құрамасы биылғы доп додасын сәтті бастады. Алғашқы турда Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең ойнап, одан кейін Уругвайды 1:0, Сауд Арабиясын 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Дүбірлі додаға 1998 жылдан кейін қайта оралған Аустрия J тобында төрт ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Топтың көшбасшысы Аргентинаға 0:2 есебімен есе жіберіп, Иорданияны 3:1 есебімен жеңсе, Алжирмен 3:3 есебіне қанағат білдірді.

Қос құрама қазірге дейін тоғыз мәрте кездесті. Оның 6-ауы Испания, 2-еуі Аустрияның басымдығымен аяқталса, 1 кездесуде жеңімпаз анықталған жоқ.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан