7 сағат бұрын
Юлиан Нагельсман Германия құрамасынан кетуіне қатысты мәлімдеме жасады
Юлиан Нагельсман Германия ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
38 жастағы маман Германия құрамасын 2023 жылдың қыркүйегінен бері жаттықтырды. Алайда 2026 жылғы әлем чемпионатында неміс құрамасы 1/16 финалда Парагваймен негізгі және қосымша уақытта 1:1 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында 3:4 есебімен жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
«Әлем чемпионатынан шығып қалғаннан кейінгі күндері көп ойландым. Өзіме сенімді жақын адамдармен және федерация басшылығымен ақылдастым. Бұл шешімді қабылдау мен үшін оңай болған жоқ. Менің басты мақсатым әрқашан команданың табысқа жетуі еді. Осындай ауыр сәтсіздіктен кейін құрама жаңа парақтан бастап, өткеннің салмағынсыз жаңа жолға шығуға лайық деп есептеймін.
Жаттықтырушылар штабына, команда қызметкерлеріне және федерациядағы барлық әріптестеріме қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Әсіресе, өзара сенімге негізделген ортада бірге жұмыс істеген футболшыларға ризамын.
Жанкүйерлерге айтар алғысым ерекше. Сіздер бізді әрдайым қолдадыңыздар, бізге сендіңіздер, ең қиын сәттердің өзінде жігер бердіңіздер. Сіздердің үміттеріңізді ақтай алмағанымызға және осы әлем чемпионатында жаңа футбол кештерін сыйлай алмағанымызға шын жүректен өкінемін. Сіздер бұдан әлдеқайда артыққа лайық едіңіздер», – деп келтіреді Нагельсманның сөзін Германия футбол одағының (DFB) ресми сайты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов