16 сағат бұрын
Аргентина Кабо-Вердені қосымша уақытта тізе бүктірді
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Аргентина құрамасы Кабо-Верде командасын қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Кездесудің 29-минутында Лионель Месси есеп ашқанымен, екінші таймда Дерой Дуарте таразы басын теңестірді. Қосымша уақытта Лисандро Мартинес Аргентинаны қайта алға шығарса, Сидней Кабрал алыстан соққан әдемі голымен есепті тағы теңестірді. Ал 111-минутта Мессидің бұрыштамадан асырған добынан кейін Кристиан Ромеро баспен дәл соғып, Аргентинаға жеңіс сыйлады.
Осылайша, әлем чемпиондары 1/8 финалға шығып, келесі кезеңде Мысыр құрамасымен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан